Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бақытжан Сағынтаев қанша жалақы алатынын айтты

Бақытжан Сағынтаев қанша жалақы алатынын айтты

Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаев айлығының мөлшері басқа әкімдердікіне ұқсас екенін атап өтті

Нұр-Сұлтан, 29 қараша – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қанша еңбекақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қала басшысының мәліметінше, жалақысы басқа әкімдердікіне ұқсас.

"Айлығым басқа әкімдердікі сияқты. Еңбекақым – 950 мың теңге. Қолыма 700 мың теңгеден астам ақша аламын. Салыққа қанша процент ұстап қалатынын білесіздер. Табыс, әлеуметтік салықты алып тастаған кезде қолымда 750-760 мың теңге қалады. Бұл бір айда қанша күннің бар екеніне байланысты", - деді әкім орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін журналистерге.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Сондай-ақ, Алматы басшысы баспасөз мәслихатында биыл мегаполисте орташа жалақы 220 мың теңгеден артқанын атап өтті.

Бұған дейін Сағынтаев отставкасына қатысты пікір білдірген болатын. 


sputniknews.kz
Автор
Данияр