Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақысы отбасын асырауға жетпейтінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақысы отбасын асырауға жетпейтінін айтты

Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақысы отбасын асырауға жетпейтінін айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекай сайынғы 900 мың теңге көлеміндегі жалақысы отбасының барлық шығындарын жабуға жетпейтінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол кейбір әріптестерінің бес немесе алты баласы бар екенін атап өтті.

«Баланы балабақшаға апару немесе қандай да бір үйірмелерге беру, киіндіріп, аяқкиім алып беру үшін 300 мың теңге кетеді. Ал азық-түлік бағасының өсіп жатқанын ескерсек, бір миллион теңге де жетпеуі мүмкін. Мысалы, мен өзім 900 мыңнан сәл көптеу жалақы аламын, бұл маған жеке өзіме жетпейді. Сондықтан жұбайымның да жұмыс істеуін өтіндім», – деді Базарбек Үкімет кулуарында.

Төлемдерді қайта қарау және олардың өсуіне қойылған мораторийді алып тастау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген мәжіліс депутаты мұндай шешімдерді өзі қабылдамайтынын түсіндірді. Ол кез келген өзгеріс болуы мүмкін екенін жоққа шығармады, алайда қазіргі экономикалық жағдайда мұндай қадамды орынды емес деп атады. Депутаттың пікірінше, алдағы бес жылда бұл мәселе көтерілмейді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі