9,4 млрд доллар: еліміздің халықаралық резервтері өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін есін жиған Нұржігіттің суретін жариялады

Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін есін жиған Нұржігіттің суретін жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек ауыр жол апатынан кейін ауруханада жатқан Нұржігіт Қошановтың есін жиып, аяққа тұрған сәтінен фото жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында Нұржігіттің өмірін сақтап қалған Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігерлеріне алғыс білдірді.

"Бұл – еліміздің мыңдаған адамы асыға күткен сурет. Суретте өз білімі, кәсібилігі мен жанкешті еңбегінің арқасында Нұржігітті ажалдан аман алып қалып, есін жиғызып, қайтадан аяққа тұрғызған дәрігерлер", – деп жазды Бақытжан Базарбек.

Оның айтуынша, науқасты емдеуге аурухананың реаниматологтары, хирургтары және медицина қызметкерлері атсалысқан. Қазіргі таңда Нұржігіттің жағдайы тұрақталған. Алда аяқ жарақатына байланысты ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр.

Бақытжан Базарбек дәрігерлердің күн сайын ауыр жағдайдағы науқастардың өмірі үшін күресіп жүргенін атап өтіп, ақ халатты мамандардың еңбегіне жоғары баға берді.

"Бұлар – заманымыздың нағыз қаһармандары десем, артық айтқаным емес. Өз өмірін өзге адамның өмірін сақтап қалуға арнаған ақ халатты абзал жандарды қадірлей білейік", – деп жазды ол.

Бұрынғы депутат медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, олардың еңбегіне құрмет білдірді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер