KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Бақытты болуды өзім үйретемін”: Олжас Абай Дариға Бадықоваға ерекше құттықтау арнады

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Актер Олжас Абай әріптесі әрі жақын сырласы саналатын Дариға Бадықованы туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі Дариғаның кәсібилігін, адамдық қасиетін ерекше бағалап, оған ақжарма тілегін арнады:

"Айналайын Дариға қарындасым, туған күнің құтты болсын! Өзіңді күтіп, қадірлей біл — алда атқарар жұмысың көп. Сорты бөлек адамдар бос сөзге жоламайды. Дәл сендей ханшайым енді жолықпайды. Рухы жақын ғашықтар өтірік сыйласып, жалған көңіл білдірмейді. Бір рет ренжітсең, екінші рет жүздеспейді. Бар бол, бақытты бол. Қажет болса, бақытты болуды өзім үйретемін", — деп жазды актер.

Желі қолданушылары құттықтауды жылы қабылдап, екеуінің өнердегі достығына тәнті екенін білдірді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары