Алғашқы алтын, жаңа рекорд: Еркін Ғаббасов Азия Пара ойындарында ел мерейін асырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айына аттанды

Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айына аттанды
әлеуметтік желіден

Жаңа шаңырақ көтерген Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айына Қатарға аттанды, деп хабарлайды kznews.kz

Жас жұбайлар Доха қаласындағы Ritz-Carlton қонақүйін таңдаған. Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында қонақүй мейрамханасын бейнежазбаға түсіріп, «Бізде бал айы» деп жазба жариялады.

Бұған дейін актриса шетелге сапарға шығар алдында төлқұжаттары мен әуе билеттерінің суретін бөліскен.

Таяуда Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйленді. Олжас Абайдың айтуынша, тойға дейін бойдақтықпен қоштасу кешін ұйымдастыра алмаған. Оның орнына актер «Мальчишник vs Девичник: Соңғы түн» фильмінің көрсетіліміне барған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі