Бойжеткенге "қырыңдаймын" деп артынан аңдыған астаналық 10 тәулікке қамалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ұмыту үшін Дубайға кеттім”: Олжас Абай Дариға Бадықоваға қалай сөз салды?

“Ұмыту үшін Дубайға кеттім”: Олжас Абай Дариға Бадықоваға қалай сөз салды?
Фото: әлеуметтік желіден

Актрисаның сөзінше, екеуінің арасындағы сезім бір көргеннен пайда болмаған. Олар алғашында бірге жұмыс істеп, түсірілім алаңында жиі кездескен. Алайда мінездерінің ұқсастығы мен өз дегендерінен қайтпайтын қасиеттері араларында түсініспеушілік туғызып отырған.

Актриса Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен махаббат хикаясының қалай басталғанын және сүйіктісінің оған тұрмысқа шығуды қалай ұсынғанын баяндады. Өнер иесі жеке өміріне қатысты естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

«Біз бір-бірімізге бір көргеннен ғашық болған жоқпыз. Жай ғана бірге жұмыс істеп, түсірілімдерге қатыстық. Күн сайын ұрысатынбыз. Ол өз дегенінен қайтпайтын, мен де қайтпайтынмын», – деді Дариға Бадықова.

Уақыт өте келе олардың қарым-қатынасы жақындай түскенімен, бірге болу оңайға соқпаған. Актриса бірнеше мәрте екі жаққа кетуге әрекеттенгендерін де жасырмады. Дегенмен әр жанжалдан кейін Олжас Абай сүйіктісімен қайта татуласуға тырысып, оған гүл мен әшекей бұйымдар сыйлап отырған.

Дариға Бадықованың айтуынша, бірде екеуі қарым-қатынасты түбегейлі тоқтатуға бел буған. Бұған некеге тұрудың жауапкершілігі мен болашаққа қатысты қорқыныштары себеп болған.

Осы кезеңде ғашықтар екі қалада жүріп, бір-бірінен алыстаған. Дариға сүйіктісін ұмытып, жаңа өмір бастауға үміттеніп, Балиден Дубайға аттанған. Алайда сапары кезінде күтпеген хабарлама алған.

Дубайдан қайтуға дайындалып жүргенде Олжас Абай алдымен актрисаның жағдайын сұрап, қашан оралатынын білген. Дариға оның алғашқы хабарламасына жауап бермеген. Бірақ арада екі сағат өткенде актер қайтадан жазып, сағынышын жеткізген.

«Сені қатты сағындым», – деп жазған Олжас Абай.

Актриса дәл осындай сөзді сүйіктісінен күтетінін мойындады. Сондықтан көп ойланбастан, кері қайтуға шешім қабылдаған.

«Мен билет сатып алып, кері ұшып келдім. Келген күні ол маған осы сырғаларды сыйлап, “Үйленейік” деді», – деп еске алды Дариға Бадықова.

Осылайша, бір кездері айырылысуға бел буған жұптың қарым-қатынасы қайта жалғасып, Олжас Абай сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.