Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды

Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды KZNEWS.KZ.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты тамыз айының 3-і күні ашық өтетінін мәлімдеді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында сағат 9.00-де басталады.

Еске сала кетейік, 26 мамырда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға және Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты іс Атырау қаласы №2 сотының өндірісіне түсті. Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Пара алу) бойынша сотқа берілген.

Автор
Айбар