"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бақыт Сұлтанов: Ет бағасының өсуіне саудагерлер кінәлі

Бақыт Сұлтанов: Ет бағасының өсуіне саудагерлер кінәлі
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ет бағасының өсуіне саудагерлер кінәлі деген пікірде.

Оның ойынша, шаруалар алты ай қыс, алты ай жаз өсірген малын арзанға сатуға мәжбүр, алайда базарға келгенде сол еттің бағасы бірнеше есе шарықтап кетеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, Бақыт Сұлтанов елде етті сатып алу бағасы төмен екенін, тек сауда желілері өз ойына келген бағаны қойып отырғанын мәлімдеген.

Министр ұсынған ақпаратқа сенсек, фермерлер етті орташа есеппен 900 теңгеден сатады. Ары қарай ол делдалдар арқылы сөреге жеткенше бағасы шарықтап кетеді.

Тапшылықты қолдан жасамау үшін ведомстволар базар иелерін жауапкершілікке тарту туралы заңнамалық өзгерістер дайындап жатыр екен. Ереже шағын сауда және үйдің жанындағы шағын дүкендерге де ортақ. Олар алдағы уақытта үстеме бағаны 15 пайыздан асырмауы керек.
Автор
Айбар