ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бақыт Шадаева: Сейфуллин Жолбарыс үйімді алдап, тартып алды

Бақыт Шадаева: Сейфуллин Жолбарыс үйімді алдап, тартып алды

Әнші Бақыт Шадаева Елmedia жобасының жүргізушісі Жан Ахмадиевке өзін алдап кеткен Сейфуллин Жолбарыстың әрекеті туралы баяндап берді.

"Сол уақытта жанұям бар. Жағдайымызды жасау үшін тағы бір пәтер алдық. Енді көшуге қамдана бастағанда, "Менің тұратын жерім жоқ. Осында аялдай тұрсам қалай болады?" деп сұрады. Әрине, енді бала-шағасы, жұбайы бар. Сонымен "жалға алып, уақытша тұр" деп келістім. Толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізіп аяқтағанша, осында қалуыңа болады деп рұқсатымды бердім. "Мен сатып алсам бола ма?" деп сұрады. "Жақсы, онда келісейік" - дедім. "Мен сізге жарты ақшасын берейін, жартысына ән жазып берейін"-деді. Әрі ойланып, бері ойланып, өзім бірге жұмыс істеп келе жатқан, бауырымдай болып кеткен азамат болғандықтан оған келістім. Нотариусқа барып, үйді атына жаздырттым. Алайда ақшасын берген жоқ. Мені жарты жолда қалдырып кетті. Сөйтіп мені танымай, амандаспай өтіп кететінді шығарды" - деді әнші.
Автор
Айбар