KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Бақыт құшағында»: Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын мәлімдеді (ВИДЕО)

Торғын Абушахман

Актриса Әлия Әнуарбек Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Оның сүйіктісі сөз салған, деп жазады Kznews.kz

«Бақыт құшағында» фильмінің түсірілімінде шынымен де, бақыттың құшағында болдым. Иә, ол маған сөз салды. Енді мен қалыңдықпын», - деді Әлия Әнуарбек.

2020 жылы Әлия Әнуарбектің күйеуі ауыр дерттен көз жұмған еді. Әлия мен Азамат 2014 жылы шаңырақ көтерді. Арада екі қыздары бар.. Актриса «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлді ойнап, көпшілікке танымал болды.

«Бақыт құшағында» атты тұңғыш jukebox мюзиклінің тұсаукесері бүгін Астанада өтеді. Басты рөлдерді Дәурен Серғазин мен Әлия Әнуарбек сомдайды. 

 
Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →