Корпоративтік несие портфелі: шағын бизнес әлі де мемлекеттік қолдауға тәуелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бақыт Есімова Президент Әкімшілігіндегі бөлімге басшы болды

Бақыт Есімова Президент Әкімшілігіндегі бөлімге басшы болды
фото: ашық дереккөз

Бақыт Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақорданың мәліметіне сәйкес, тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойған.

Бақыт Амангелдіқызы Есімова 1984 жылғы 29 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін және АҚШ-тағы Калифорния университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан жастар конгресінде бастап, онда менеджер және атқарушы директор аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2007-2008 жылдары “Сауда саясатын дамыту орталығы” АҚ-да сарапшы болған.

2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің стратегиялық жоспарлау және қоғаммен байланыс басқармасын басқарды.

2010 жылы Ақмола облысына ауысып, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары болды. 2011 жылдан 2013 жылға дейін осы басқарманы басқарды.

2013-2015 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2015 жылы Астана қаласының ішкі саясат басқармасына жетекшілік етіп, бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегіне дейін болды.

2020 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы мамырға дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылғы мамырдан бері Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.