Елге танымал әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі жазбасында жары Жадыра Сейдештің анасының өмірден өткені туралы айтып, марқұмға деген сағынышы мен жан ауыртқан күйзелісін жеткізді. Әнші бұл жазбасын енесіне арнап, отбасы үшін бұл қазаның қаншалықты ауыр болғанын баяндады.
Нұрғали Нүсіпжановтың айтуынша, бұл қайғы әсіресе жарына оңай соқпаған. Ол Жадыраның жалғызсырап қалғанын, анасын ерекше сағынып жүргенін ашық жазды. Әнші жұбайының қайғысын жеңілдету үшін қолдан келгенін жасап жүргенін, шығармашылық арқылы жан жарасын жазуға тырысатынын да атап өтті.
"Қайтейін, Жадыраңыз жалғызсырап-ақ қалды-ау... Уақыт емші... Бірақ көзіндегі мұң көлеңке сынды жан-дүниесін үнемі торитын сияқты", – деп жазды ол.
Әсерлі жазба желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілік марқұмға Алладан рақым тілеп, әншінің отбасына көңіл айту мен қолдау сөздерін жаудырды.