Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Банктен 55 миллион теңге ұрлаған қазақстандық Швецияда ұсталды

Банктен 55 миллион теңге ұрлаған қазақстандық Швецияда ұсталды

Қазақстан ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Швецияда 38 жастағы ер адам тұтқындалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Ер адам аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

“2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған. Қазіргі уақытта күдікті шетелде қамауда”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтарды 3,7 миллиард теңгеге алдаған шетелдік әйел Ресейден Қазақстанға экстрадицияланған еді.

Күдікті 2005-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы құрылыс компаниясында бухгалтер болып жұмыс істеген.

Автор
Айбар