KZNews.kz
Қоғам

“Баланы зорлап, өзенге батырып жіберген“. Атырау облысында жағаұстатар оқиғаға қатысты үкім шықты

Айжан Сыланова
Фото: getty images

Іс материалдарына сүйенсек, оқиға биыл маусым айында Құлсары қаласында болған. Құрсай өзенінің маңында серуендеп жүрген қыз бала үйіне қайтар жолда адасып, жолай сотталушы У.-ды кездестірген.

Мас күйдегі ер адам қызға үйіне дейін жеткізіп салатынын айтып алдап, өзімен ертіп кеткен. Ол баланы өзен жағасына апарып, дәрменсіз күйін пайдаланып зорлап, кейін қылмысын жасыру мақсатында ұрып-соғып, суға батырып жіберген.

Сот үкімімен У. барлық айып бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Аталған үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →