Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы облысында өзін прокурормын деп таныстырған алаяққа қатысты үкім шықты

Алматы облысында өзін прокурормын деп таныстырған алаяққа қатысты үкім шықты

Алаяқ өмірінің бес жылын темір тордың ар жағында өткізетін болады.

Алматы облысында ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Алматы қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 26 жастағы ер адам бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт бойы іздеуде болып, 2018 жылдың қыркүйек айында құрықталған. Анықталған фактілер бойынша тергеу амалдарын облыстық тергеу басқармасы жүргізді. Алаяқтан зардап шеккендерге келтірілген шығыннің жалпы көлемі 23 миллион теңгені құрады.

"Тергеу материалдарына сәйкес сотталушы 1993 жылы туылған Әлішер Қалмақұмбетов өзін прокуратура қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілерге олардың туыстарын қылмыстық жауапкершіліктен босатамын деп уәде беріп, олардан ірі көлемде сыйақы алып отырған. 2017 жылы ер адам бірнеше рет алаяқтық жасаған, яғни аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ұрлағаны анықталды. Жәбірленуші ретінде тергеу амалдары кезінде үш жергілікті тұрғын сөз сөйледі. Сот процесі барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады",-деп хабарлап отыр полиция өкілдері.

Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды. Енді ол сот үкімімен таяудағы бес жылын жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өткізетін болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Бауыржан