WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған": Түркістан облысында 27 адамға үкім шықты

"3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған": Түркістан облысында 27 адамға үкім шықты
фото: ашық дереккөз

Түркістанда 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесі сотталды. Олардың әрқайсысына қылмыстағы рөліне қарай 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz ҚМА-ға сілтеме жасап.

"Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2016-2021 жылдары "КТ Яссы Несие" ЖШС басшылығы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның ірі қара мал сатып алуға арналған агробизнесті қолдау бағдарламасы аясында бөлінген қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырғанын анықтады", - делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, несие алу мақсатында жалған тұлғалардың атына жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Өтінімдерге қолдан жасалған бизнес-жоспарлар, құқық белгілейтін құжаттар және іс жүзінде жоқ кепіл мүлкі қоса ұсынылған.

"Несиелеу мамандары қажетті құжаттарды әзірлеп, жалған несиелік қорытындыларды, тексеру актілерін және қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны туралы құжаттарды рәсімдеу арқылы несиенің заңды түрде берілгені туралы жалған көрініс қалыптастырған.

Бағалаушылар мен кепілдік қамтамасыз ету мамандары мүлікті бағалау туралы жалған есептер жасап, шын мәнінде жоқ немесе көрсетілген құнына сәйкес келмейтін мүліктің бар екенін растаған. Ал нотариустар ақшалай сыйақы үшін кепілге қойылатын мүлікке қатысты жалған құжаттарды куәландырған", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында 33 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анықталған. 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан ұсынылған.

Сот шешімімен мемлекет кірісіне 19 тұрғын үй, 10 жер учаскесі, 2 пәтер, 4 коммерциялық үй-жай және 4 автокөлік тәркіленген.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.