Ер адамның сөзінше, 19 қазанда ұлының жағдайы нашарлаған. Баланың іші қатты ауырып, дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген. Жедел жәрдем оны соқыр ішек деген күдікпен ауруханаға жеткізген.
Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасаған ер адам болған оқиғаға қатысты видеоүндеу жариялап, өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды kznews.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қабылдау бөлімінде ер адам ұзақ уақыт ұлын дәрігерге көрсетіп, тексеруден өткізуді сұраған. Алғашқы талдау лейкоцит деңгейінің жоғары екенін – шамамен 21,5-22 екенін көрсеткен. Соған қарамастан кешке қарай оларды үйге қайтарған.
"Мен бұған келіспедім. Сағат 23:00 шамасында қайта талдау тапсыруды талап еттім. Оның нәтижесі де лейкоцит деңгейінің жоғары екенін, шамамен 21 болғанын көрсетті. Осыдан кейін баланы бақылау үшін ауруханада қалдырды. Таңертең басқа хирург баланы қарап, ота жасауға жіберді. Операция сәтті өтті", – дейді баланың әкесі.
31 қазан сенбі күні ұлының іші қайтадан ауырып, әкесі баланы облыстық балалар ауруханасына алып келген. Ол алдыңғы жолы жанжалдасқан хирургпен қайта кездескен.
Ер адамның айтуынша, дәрігер оны мысқылмен қарсы алып, баланы қараудан бас тартуы мүмкін екенін меңзеген. Әкесі өзін сабырға шақыруға тырысқанымен, соңы жанжалмен аяқталған.
Еске салайық, Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде баласын тексерткен ер адам дәрігерге шабуыл жасап, оны мойнынан қылқындыра ұстаған. Баланы ауруханаға жатқызуға медициналық көрсетілім болмаған. Алайда баланың әкесі аяқпен үстелді теуіп, кенеттен дәрігерге тап берген. Оны бірнеше адам әрең дегенде медицина қызметкерінен ажыратқан.