KZNews.kz
Жаңалықтар

"Балаларға қыстық күртесін алып берген": Атыраудағы трагедияға күдіктіге қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат

Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты Qazaq Airan YouTube арнасы бұрын жарияланбаған жаңа мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін арна тілшілері Атырау өңіріне барып, іздеуде жүрген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің жақын туыстарымен тілдескен еді. Сол сапар барысында эфирге шықпай қалған кейбір деректер енді жұртшылыққа ұсынылып отыр.

Бұл жолы күдіктінің әкесі көпшілік біле бермейтін жайттарды баяндады. Оның сөзінше, әкесі мен баласының арасындағы байланыс өте сирек болған.

«Анасымен сөйлесіп жүрген шығар, ал мен өзіммен өте сирек хабарласады. Маған көп қоңырау шалмайды. 30 қараша күні келіп, екі үлкен баласын алып кеткенін естідім. Балаларға қысқы күрте мен аяқ-киім сатып алыпты дейді, бірақ оны өз көзіммен көрген жоқпын. Кейін екі баласын таксиге отырғызып, үйлеріне жіберген. Содан кейін мүлде хабар болмады», – дейді ол.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →