"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Балаларды улап жатыр!" дейді ата-аналар

"Балаларды улап жатыр!" дейді ата-аналар

TikTok әлеуметтік желісінде жұрттың наразылығын тудырған бейнежазба жарияланды деп хабарлайды Kznews.kz. Видеода балабақшада жүргізіліп жатқан "тазалық жұмыстары" анық көрінеді. "Осыған дейін сенбей келіп едік, мынау не масқара!" деп ашынған ата-ана хлормен дезинфекцияны ғимарат ішінде жасап жүргендерді видеоға түсіріп алған. Өкінішке қарай, шырылдаған ата-ананың сұрақтарына "тазалықшылар" тарапынан да, балабақша әкімшілігі тарапынан да мардымды берілген жауап жоқ. Бұл видеоны көрген жұрт "әдейі жасалып жатыр, балаларды көптеп ауыртып, вакцина салуға мәжбүрлемекші" деген сыңайдағы пікір жазуда.

Жылыой аудандық білім бөлімі "Құлсарыдағы "Әсем" балабақшасында балаларды қасақана улауда" деген ақпаратты жоққа шығарды. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар.

Кімге сенеміз?

https://www.tiktok.com/@yrisgul1/video/7004776581164027138?is_from_webapp=v1&q=балаларды%20улап%20жатыр&t=1631437711275

Автор
Данияр