АҚШ-тың Калифорния штатындағы Стоктон қаласында кішкентай баланың туған күнін балмұздақ дүкенінде тойлау кезінде атыс болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 10 адам жараланды, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаланың вице-мэрі Джейсон Ли оқиға балалардың туған күнін тойлау кезінде болғанын растады.
ВВС ақпаратынша, шабуылдаған адамның кім екені әлі анықталмаған. Жергілікті билік қазіргі уақытта қосымша мәлімет бермей отыр.
CBS телеарнасының хабарлауынша, 14 адам зардап шегіп, олардың 4-еуі көз жұмған. Жәбірленушілердің ішінде балалар да, ересектер де бар.
Иесі жалғыз қалдырған ит пәтерде жарылыс жасады
Оңтүстік-Шығыс Азияда сел мен жер сілкінісінен 500-ден астам адам қаза тапты
Шериф өкілі Хизер Бренттің айтуынша, бұл "әдейі жасалған оқиға" болуы мүмкін.