"Қалаулым" жобасының арқасында қосылған Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова ата-ана атанды. Атышулы бағдарламада табысқан ерлі-зайыпты ұлды болды, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалықты жас ата-ана Instagram парақшасында бөліскен. Шынар Меджанова перзентханадан алғашқы фотосын жариялап, елден сүйінші сұрады. "Алла бере салғаным, қош келдің. Иісің неткен ерекше", - деп жазды ол.
Ислам Алтайбаев та өзіне ұл бала сыйлаған келіншегіне алғысын білдіріп, құттықтап жатқан барша жанға рахмет айтты. "Аллаға сансыз шүкір. Құттықтаулар алып жатырмын. Салиқалы ұрпақтан болсын. Ұлды аман-есен туып бергені үшін анасына рахмет. Адамның дегені емес, Алланың қалағаны болады деген осы шығар", - деп жазды ол.
Белгілі болғандай, Шынар Меджанова өзінің туған қаласы Семейде босанған. Ал ұлының әкесі қазіргі уақытта Қызылордада жүр. Оған қоса ерлі-зайыпты әлеуметтік желіде бір-бірін өшіріп тастаған. Жас ата-ана әзірге бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.