Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бай 11 жыл бойы 64 млн долларға тұрғызған зәулім сарайын бұзуға мәжбүр

Бай 11 жыл бойы 64 млн долларға тұрғызған зәулім сарайын бұзуға мәжбүр

Танымал миллионер үйін тұрғызбас бұрын рұқсат алуды ұмытып, өзіне салынған тыйымды елемей келген.

Францияның Грасс қаласында британиялық миллионер Патрик Дитер 64 миллион доллар тұратын үй тұрғызған. Бірақ ол алып сарайын бұзуға мәжбүр болып отыр.

Қорғалған орманға жақын аймақта орналасқандықтан, Францияның жоғарғы соты Патрик Дитердің үйін бұзу туралы шешім шығарды. Дитер бұл шешімді 18 ай ішінде жүзеге асыруы тиіс.

Үй иесі 2016 және 2017 жылдардағы сот тыңдауларында қамал салуға рұқсат сұрауды ұмытып кеткенін және оны тоқтатуға қатысты жасалған тыйымдарды елемей келгенін мойындады.

Басылымның мәліметінше, құрылыс жұмыстары 2000 жылдан 2011 жылға дейін жүргізілген. Дайын үйде бірнеше демалыс орны, кітапхана, XV ғасырдағы камин, шарап залы бар жертөле және италиялық баққа қарайтын ас үй бар.

Сарайда 36 адамға дейін емін-еркін жүріп, тұра алады.

Автор
Данияр