Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бәйтеректің жанында оғаш суретке түскен жігіт ұсталды

Бәйтеректің жанында оғаш суретке түскен жігіт ұсталды
Астана ПД

Астанадағы "Бәйтерек" монументінің жанында оғаш фотоға түскен 19 жастағы жігіт полицияға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда жігіттің жерге жатып, аяғының арасынан "Бәйтерек" көрінетіндей етіп суретке түскені байқалады. Бұл әрекет желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік оны елорданың басты символына көрсетілген құрметсіздік деп бағалаған.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырылған.

"Материалдар сотқа жолданды. Қазіргі уақытта азамат уақытша ұстау бөлмесінде отыр", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Полиция мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіріп, мәдени әрі маңызды нысандарға деген ашық құрметсіздікті білдіретінін атап өтті.

Аталған бап бойынша құқық бұзушыға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынуы, қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Ал егер бұл әрекет қоғамдық орынды қорлау ретінде танылса, жаза одан да қатаң болуы ықтимал.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.