KZNews.kz
Шоу-бизнес

Бахрейнде 21 қазақстандық қызды күңдіктен құтқарған

KZNEWS

Бахрейнде қазақстандық 21 қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, күңдікте ұстағаны анықталған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық қыздарды күңдіктен Бахрейн полициясы құтқарған.

«Қазақстандықтар Бахрейнге «қонақ үйде жақсы жалақы төлейтін жұмыс» туралы уәдеге сеніп барған. Манамаға (Бахрейн астанасы – ред.) жеткен соң жұмыс берушілер олардың құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Көнбегендерге күш көрсеткен» дейді СІМ баспасөз қызметі.

Осы қылмысқа күдікті ретінде ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары да бары, тергеу шаралары жүріп жатқаны хабарланды.

Күңдіктен құтқарылған қазақстандықтар қазір арнайы оңалту орталығында, көп ұзамай олар Қазақстанға жеткізіледі деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.


Azattyq
KZNEWS
Автордың басқа материалдары