KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Бағдат Мусин inDrive негізін қалаушы Арсен Томскийге ерекше сыйлық тарту етті

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин халықаралық inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томскийге үйлену тойына орай ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Тойға әдетте конверт сыйлайды. Ал Қазақстанда ат мінгізеді! Көп жылдан бері жеке көлігім болған жоқ, inDrive немесе жалға алынған көліктермен жүретінмін. Енді жеке көлігім бар. Оның тарифі – сәбіз бен алма», – деп әзілдеді кәсіпкер.

Айта кетейік, inDrive негізін қалаушы Арсен Томский тамыз айында қазақстандық Камила Лұқпановаға үйленген. Жас жұбайлардың тойы Ыстанбұлда, Босфор жағалауында өткен.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →