Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бағдат Мусин және "Қазақтелеком" командасы 752 миллион теңге көлемінде сыйақы алды

Бағдат Мусин және "Қазақтелеком" командасы 752 миллион теңге көлемінде сыйақы алды
Фото: ашық деркккөзден

KASE-де "Қазақтелекомның" 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есебі жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Акционерлер 2025 жылдағы қоғамның таза табысын бөлу тәртібін бекітті: 3 533 203 977,54 теңге дивиденд төлеуге бағытталсын деп шешілді. Қалған бөлігі компанияда қалды.

Компанияның қаржылық есебінде "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-індегі 100% үлесті сату айтарлықтай әсер еткен. Бұл Tele2, Altel және МТС брендтерін қамтиды. Соңғысы Катардан келген инвесторға 1,1 миллиард долларға сатылған.

Жалпы алғанда, компанияның 2025 жылғы түсімі – 587,2 миллиард теңге. Операциялық пайдасы – 94,5 миллиард теңге, ал таза пайдасы – 147 миллиард теңге болды.

“Компанияның негізгі қарыздық жүктемесі – қысқа мерзімді қарыздар мен жеткізушілер алдындағы берешек. Бұл шамамен 300 миллиард теңге”, – делінген 2025 жылдың соңындағы деректерде.

QAMS қауымдастығының мәлімдеуінше, компания шоғырландырылған есебіне сәйкес, жалпы және әкімшілік шығыстар құрамында көрсетілген негізгі басқарушы қызметкерлерге берілген сыйақы сомасы 2025 жылы 752,280 миллион теңге болды.

Осылайша, Бағдат Мусин және оның "Қазақтелекомдағы" командасы 2025 жыл үшін 752 миллион теңге көлемінде сыйақы алған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.