Әлеуметтік сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың 95,2 пайызы өмірге риза
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ерлан Қарин, Асхат Аймағамбетов, Бағдат Мусин: Әділет партиясы Құрылтай сайлауына 186 кандидатты ұсынды

Ерлан Қарин, Асхат Аймағамбетов, Бағдат Мусин: Әділет партиясы Құрылтай сайлауына 186 кандидатты ұсынды
Фото: Мәжіліс баспасөзі

Әділет партиясының III съезінде алдағы Құрылтай сайлауына арналған сайлауалды бағдарлама мен партиялық тізім бекітілді. Сонымен қатар делегаттар партия Жарғысына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындап, съездің қорытынды қаулысын қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Партия Құрылтай депутаттығына барлығы 186 кандидатты ұсынды. Тізімге қоғам және мемлекет қайраткерлері, Парламент депутаттары, сарапшылар, білім, денсаулық сақтау, бизнес және қоғамдық сектор өкілдері енді.

Үміткерлер қатарында Айбек Дәдебай, Ерлан Қарин, Асхат Аймағамбетов, Мұрат Әбенов, Сұңғат Есімханов, Ботагөз Жақселекова, Елдар Жұмағазиев, Динара Зәкиева, Геннадий Зенченко, Снежанна Имашева, Раушан Қажыбаева, Дәурен Қайыпов, Әділ Балтабаев, Шахмұрат Мүтәліп және Бағдат Мусин бар.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.