"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бағанға соғылды": "Балқия" есімімен танылған актриса Нұргүл Мыңғатова түсірілім алаңында жарақат алды

"Бағанға соғылды": "Балқия" есімімен танылған актриса Нұргүл Мыңғатова түсірілім алаңында жарақат алды

Актриса Нұргүл Мыңғатова "Келінжан" фильмінің кезекті түсірілім кезінде маңдайын темір бағанға соғып, жарақат алды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алайда ол оқыс жағдайға қарамастан түсірілмді жалғастыруға бел буған. Ал оның айналасындағы әріптестері тоңаызтқышта тұрған етті әкеліп, шекесіне басқан. Тісін тексеріп, отпен аластаған.

"Қауғалақтап жүріп трубаға соғылған ғой. Осы "Келінжанды" аман-есен бітірейікші", – деп жазды фильмнің продюсері Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде.

Көпшілікке “Күлімхан апа” атымен танылған актриса Лейло Бекназар-Ханинга жарақат алған “келініне” мұз басып, отпен аластады. 

“Отпен аластау дәстүрін көріп, қуанып қалдым”, “Режиссер Балқияның жылайтын сахнасын түсіріп алып жатыр”, “Алдында тұрғанды байқамай қалып, маңдайын соғып алды-ау”, “Үйдегі шкафқа күн сайын шекемді ұрамын. Миым таңдайыма түседі”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелді ылғи ұрысқақ, долы, толықетіп көрсететінін талқылаған еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.