Жанкүйерлерінің ойын сақ саққа жүгірткен Арман мен Аша көпшіліктің сынына жауап берді. Олар "Ау, жаным" бейнебаянын шығарарда хайп жасағандарын жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ, жұлдызды жұп өздерінің әншілік, актерлік қабілетін сынағандарға жауап берді.
"Біз пиар жасаған жоқпыз. Солай болып қалды. Ойға азық салып бердік. Бірақ қиялдап, құрастырып алған өздеріңіз", - дейді Арман мен Аша.
Оқырмандардың бірі отбасымен ойнауға болмайтынын, ойыннан өрт шығуы мүмкін екенін ескертті. Оған жұлдызды жұп:
"Құдай сақтасын, барлығы Алланың қолында. Дегенмен де әзірше ондай жоспар жоқ", - деп жауап берді.
Келесі бір көрермен Ашаның ән айту, ал Арманның актерлік қабілетін сынға алған.
"Арман, мен ән айтпай-ақ қояйыншы, сахнаға шықпай-ақ қояйыншы" деп үнемі айтамын. Ол "барлығы жақсы" деп мені қанаттандырады. Әрқайсымыз өз кемшіліктерімізді білеміз", - дейді Аша.
"Мені кастингтерге өздері шақырады. Мен қатты актер болғым келмейді. Кешіріңіздер. Ұнамаса, көрмей-ақ қойыңыздар", - дейді Арман.
stan.kz