Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әзілдеймін деп түрмеге түсті

Әзілдеймін деп түрмеге түсті

Әзілқой ақтөбелік қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазанда сағат 22.24-те Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО “102” телефонына ер адам қоңырау шалып, “Троя” дәмханасына бомба қойғанын хабарлады. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына барып, дәмханада жарылғыш құрылғыларға тексеру ұйымдастырды. Дәмханаға келген 87 адам мен қызметкерлер эвакуацияланды.

Жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасады деген күдікпен патрульдік полиция қызметкерлері Қобда ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қалжыңдап айтқанын түсіндірді. Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Автор
Данияр