Ресейдегі МемДума сайлауы: "Біртұтас Ресей" алда келеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Автонесиеге сұраныс 9 пайызға төмендеді

Автонесиеге сұраныс 9 пайызға төмендеді
Фото: afk.kz

Отандық автонесие нарығы баяулады. Биылғы бірінші жартыжылдықта автонесие алуға берілген өтінімдер саны 9 пайызға төмендеді. Былтыр бұл көрсеткіш 50 пайыздан астам өскен еді.

Қаржы нарығын талдау орталығының дерегінше, автонесиенің орташа мөлшерлемесі 18,8 пайыздан 24,4 пайызға дейін өскен. Соның нәтижесінде жаңа автонесие беру көлемі 24 пайызға қысқарып, 886,6 млрд теңге болды.

Ал көлік сатып алуға мақұлданған өтінімдер саны 13 пайызға азайып, 449,7 мыңға түсті. Мақұлдау үлесі де 17,6 пайыздан 16,8 пайызға төмендеген.

Бұл несие төлемінің орташа жалақыға қатынасы 24,7 пайыздан 30,6 пайызға өскенін білдіреді. Жалпы автонесие портфелі небәрі 5,2 пайызға ұлғайып, халықтың жалпы берешегінің 16,3 пайызын құрады.

Соған қарамастан елде автомобиль өндірісі екі есеге жуық өсіп, 138,7 мың көлікке жетті. Яғни, нарықтағы ұсыныс артқанымен, қымбат несие халықтың сұранысын тежеп отыр деп пайымдайды Қаржыгелер қауымдастығының сарапшылары.

Дегенмен, жылдың үшінші тоқсанда банктер дилерлік бағдарламалар мен мөлшерлемені субсидиялау арқылы сұранысты қайта жандандыруды көздеп отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.