Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Автобуста Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары болған

Автобуста Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары болған

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары барын хабарлады.

"Жол апатынан қаза тапқан 11 азаматтың жетеуі - Қазақстан, үшеуі - Өзбекстан азаматы, бір адамның азаматтығы анықталған жоқ. Ауруханаға жеткізілген зардап шеккендер арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар" делінген министрліктің 20 сәуір түстен кейін таратқан хабарламасында.

20 сәуір таңғы сағат бес шамасында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Алматы - Ташкент бағытындағы трассаның 181-ші шақырымында Toyota көлігі жол жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Көлік артында келе жатқан автобус аударылған. Көлік апатынан 11 адам қаза тапқан, 29 адам зардап шеккен.

Оқиғаға байланысты "жол ережесін бұзу", "көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті өкілдерінен құралған шұғыл-тергеу тобы құрылған.


Azattyq
Автор
Жандос

Журналист