Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Автобус пен пойыз соқтығысып, 22 адам зардап шекті

Автобус пен пойыз соқтығысып, 22 адам зардап шекті

Сербияның оңтүстігінде жолаушы пойызы мен автобус соқтығысып, екі ересек адам және бір бала қаза тапты.

22 зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Ниш қаласының түбінде болған апатты куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оқыс оқиға жұма күні 07:30-да болған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, автобус Доне-Меджурово өткеліне шыға бергенде, енді ғана жылдамдық ала бастаған пойыз бүйірден келіп соққан. Соққының күшті болғаны соншалық, автобус ортасынан қақ бөлінген.

Оқиға орнында үш адам қаза тапқан, оның біреуі жас бала. Тағы 22 адам Ништегі ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің бесеуінің жағдайы мүшкіл. Бейресми хабарларға қарағанда, жарақаттанғандардың көпшілігі мектепке бара жатқан балалар болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Арман