Алматыда екі көлік соқтығысып, 6 адам зардап шекті
11.12.2018
12:04
0
33
Апаттан жарақат алған алты адам ауруханаға жатқызылды.
"Шаңырақ-2" шағын ауданында Жанқожа батыр мен Сабыр Рахымов көшелерінің қиылысында екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Куәгерлердің айтуынша, ZAZ Chance автокөлігі Жанқожа батыр көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан, жүргізуші Сабыр Рахымов көшесіне жетпей рөлге ие бола алмай қалған. Көлік қарсы бетке шығып кетіп, Nissan Almero-мен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан алты адам – ZAZ жүргізушісі және Nissan Almero-да отырған бес адам зардап шекті. Дәрігерлер бір жолаушыны оқиға орнында тексеріп, үйіне жіберді, қалған алтауы ауруханаға жеткізілді.
Дереккөз: Sputnik
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ