Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда автобус троллейбусқа соғып, адамдар зардап шекті

Алматыда автобус троллейбусқа соғып, адамдар зардап шекті
Фото: скриншот видео t.me/zhest_kz_official/

Алматыда болған ірі жол-көлік оқиғасы көпшіліктің назарын аударды. Қаладағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлік қатысқан апат тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген фото және бейнежазбалар тарады. Кадрларда автобустың троллейбусқа қатты соғылғаны анық көрінеді.

Алматы қалалық Полиция департаменті берген ресми ақпаратқа сәйкес, жол апаты 11 желтоқсан күні сағат 11:50 шамасында Медеу ауданында болған.

«65-маршруттың автобусы Достық даңғылы бойымен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Бөгенбай батыр көшесінен төменіректе аялдамада тұрған троллейбусқа соқтығысқан. Сол мезетте троллейбус жолаушыларды отырғызып-түсірумен айналысып тұрған. Апат салдарынан автобустың жолаушысы, 1966 жылы туған әйел, әртүрлі жарақат алды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта Медеу аудандық полиция басқармасы оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу аясында жүргізушінің әрекеті, көлік техникалық жағдайы және жол-көлік оқиғасына әсер етуі мүмкін өзге де факторлар қарастырылуда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.