KZNews.kz
Саясат

Авраам келісімдеріне қосылу, бір палаталы Парламент, вице-президент лауазымы: Алтынбек Рахмет елдегі саяси өзгерістерге баға берді

Жарқын Омаров
Фото: Ақорда

Саясаттанушы Алтынбек Рахмет Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан ұсыныстарын елдегі саяси тұрақтылықты қадағалау, қамтамасыз ету үшін жасалып отырған амал деп мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Алдымен назар аударатын жайт Президент еліміздің Авраам келісімдеріне қосылуын сөз етті. Бұл Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіне үн қосуы. Бұл дегеніміз АҚШ-тың бүкіл әлемде орнатқысы келіп отырған жаңа саяси жүйесіне біз үндестігімізді қостық деген мағынаны білдіреді. Қазіргі уақытта Таяу Шығыс, Украинадағы қақтығыстарға қатысты біз әлемдік ұстанымымызды, әлемдік медиатор ретіндегі тұғырымызды бекіттік дегенді білдіреді. Біз бұған дейін мультивекторлы саясат ұстанған, нейтралды мемлекет болсақ, енді орта держава деген ұғымды енгізу арқылы біз сол  жаһандық медиативтік кеіссөздердің алаңы ретінде өзіміздің тұғырымызды бекіттік десем болады. Бұл мемлекетіміз үшін жаңа үлкен белес. Авраамдық жаңа саяси жүйеге қосылу осы уақытқа дейінгі Еуразиялық экономикалық одақ болсын, тағы да басқа интегративтік келіссөздермен бекітілген, Ресеймен жүзеге асырылған ингрецияларға байланбай, біз жан-жақты көпвекторлы өзіміздің саяси ойыншы екеніміздің көрсеткеніміздің айғағы», - дейді саясаттанушы.

Алтынбек Рахмет Президент ұсынған екі палаталы парламенттен бір палаталы парламентке өту ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтады.

«Сонымен қатар бұл реформа ел ішіндегі саяси бәсекелестікті арттырады. Парламенттің құзыреті кеңейеді», - дейді ол.

Саясаттанушы вице-президент лауазымын енгізуді билік транзитін жұмсарту үшін қолданылатын саяси қадамға теңеді.

«Халықтың ендігі президент кім болар екен деген ойына жауап беріп, ішкі элиталық талас-тартыс болмауы үшін Президеент белгілі бір саяси тұрақтылықты ұстай алатын, кез келген жағдайда өз орнын басатын тұлғаның болатындығын меңзеп тұр.Вице-президенттің болуы ешқандай саяси талас-тартыстар болмайды дегенді білдірмейді. Өйткені тарихта түрлі мемлекеттерде, мысалы Ресейде бұл лауазым түрлі саяси тұрақсыздыққа әкелгенін білеміз.Сол себепті вице-президент лауазымын міндетті түрде Парламент бекітеді деген тармақ бар. Бұл елдегі саяси тұрақтылықты қадағалау, қамтамасыз ету үшін жасалып отырған амал. Бұл жерде биліктегі беделі пара-пар екі адам арасызда билік үшін талас тумай  ма дегенге келсек, вице-президентті Парламент пен Президенттің сайлауы ондай әрекеттің болмайтынына сенім ұялатады", - дейді сарапшы.

Алтынбек Рахмет Конституцияға түбейгелі өзгерістер енгізуге де қатысты ойын айтты.

«Бұл елімсіздің саяси жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айғақтайды. Елімізде болып жатқан саяси өзгерістер, реформалар Ұлттық құрылтайда айтылған баяндамаға себепші болды. Бізде елімізде осы уақытқа дейін болып жатқан процестердің барлығы саяси реформаның іске асуына, Конституцияның өзгеруіне әкелді. Конституцияның өзгеруі үлкен қоғамдық пікірталаспен, тақылаулармен жүзеге асатындықтан, бұл өзгерістер еліміздің саяси сахнасында, халық санасында үлкен өзгерістер болғанын көрсетеді. Болашақ сценарий қандай болады десек, Қазақстан дәстүрлі және ливералдық арасында, батыс пен шығыс арасында, жаңа модернизация мен дәстүрлі экономика арасында өз жолын іздеп келе жатқан мемлекет. Қазіргі кезде бізге революция керек жоқ. Өзіміздің эволюциялық бағытымыздан жаңылмай, тұрақты дамуымыз керек», - дейді сарапшы.

 

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары