Риддер қаласының тұрғындары үшінші күн қатарынан пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып отыр
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында елдің саяси жүйесіне жаңа лауазым қосуды ұсынды. Ол Қазақстанда вице-президент институтын құрып, оны Конституцияда бекіту керек екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, вице-президентті Президент Парламенттің қарапайым көпшілік дауысының келісімімен тағайындайды. Ал бұл лауазымның нақты өкілеттіктер аясын Президенттің өзі айқындайды. Тоқаевтың пайымдауынша, осы негізгі ережелердің өзі Конституция мәтінінде нақты көрсетілуі тиіс.

Президент бұл бастаманы «соңғы бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қалыптастырылып келген бүкіл саяси құрылымды табиғи түрде түйіндейтін» жаңашылдық ретінде сипаттады. Сондай-ақ ол «әр нәрсенің өз уақыты бар» деген тәмсілді айтып, дәл қазір осындай қадам жасайтын кезең келгенін меңзеді.

Тоқаев ұсынған модель бойынша вице-президент Президенттің тапсырмасымен:
– халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан мүддесін білдіреді;
– Парламентте Президенттің ұстанымын таныстырады;
– отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
– Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Айта кетейік, бұл ұсыныс жүзеге асуы үшін вице-президент институтын Конституцияда бекіту мәселесі күн тәртібіне шығарылады. Ал нақты шешім мен тетіктер алдағы талқылаулар барысында айқындалмақ. 

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер