Трансферт бөлінісіндегі жаңа тренд: өңірлер өз күнін өзі көре ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ауырғанда арқа сүйер, қиналғанда қалқан болар адамым": Нұрғали Нүсіпжанов жары туралы сыр шертті (ВИДЕО)

"Ауырғанда арқа сүйер, қиналғанда қалқан болар адамым": Нұрғали Нүсіпжанов жары туралы сыр шертті (ВИДЕО)
kznews.kz коллажы

Қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов 5 қаңтар күні 89 жасқа толды, деп хабарлайды kznews.kz.

Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы Талдықорған облысына қарасты Доланалы ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түсіп, кәсіби музыкалық білім алды. Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бастап, кейін Қазақ радиосы мен телевизиясында қызмет атқарды.

1976 жылдан бастап ол Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жетекші әншісі ретінде кеңінен танылып, бұл ұжымда шамамен 20 жылға жуық еңбек етті. Нұрғали Нүсіпжановтың орындауындағы әндер қазақ сахнасының алтын қорынан ойып тұрып орын алды. Әсіресе композитор Нұрғиса Тілендиев арнайы жазған "Саржайлау", "Ақ құсым", "Жетісуым" сынды әндері тыңдарманның ерекше сүйіспеншілігіне бөленді.

Айта кетейік, 2019 жылы Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешпен шаңырақ көтерген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер