"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауылдарда қауіпті химикаттар шашады - фейк

Ауылдарда қауіпті химикаттар шашады - фейк

Telegram мессенджерінде қолданушылар Ақтөбе облысының ауылдық аймақтарында қауіпті химикаттар шашатыны туралы жазып жатыр. Салдарынан адамдар тағы да COVID-19 жұқтырады және биыл күзде үкіметтің белгілі бір құпия жоспарына сәйкес елдің барлық өңірі "сары" аймаққа өтеді екен. Stopfake.kz мәліметінше, бұл - жалған, - деп хабарлайды Kznews.kz.

Химикаттарды шашу туралы ақпаратқа қауіпті заттарды тасымалдайтын жүк автомобилі түсірілген видео тіркелген.

ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.

"Бұл видеода облыстың жеке дезинфекциялау қызметтерінің күшімен жәндіктер мен зиянкестерге қарсы жасыл желектерді өңдеу жұмысының барысы көрсетілген. Бұл жұмыс қолданылатын препараттардың регламентіне сәйкес кешкі және түнгі уақытта жүргізіледі. Өңдеу шарасы Ақтөбе қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімімен жасалған шарт бойынша жүзеге асырылды", - деп хабарлады ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты, сондықтан СОVID-19-ға байланысты дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілмейтінін атап өтті.

Демек, таралған ақпарат - фейк. Видеода көшеттерді зиянкестерге қарсы өңдеу барысы көрсетілген, ал өңірлерді коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа көшіру жоспарда жоқ.

Автор
Айбар