«Отбасымыздың құпиясы»: судья Ерболат Жанабыловтың сотынан журналистерді шығарып жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ауылда 85 мың теңге күн көріске жетеді” - Депутат

“Ауылда 85 мың теңге күн көріске жетеді” - Депутат
Фото: Finratings.kz/ЖИ

Депутат бұл пікірін ауыл тұрғындарының жеке шаруашылығы болуымен байланыстырады.

Respublica партиясынан Құрылтай депутаты, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Мейірхат Мейрамханов ауыл тұрғындарының ай сайынғы 85 мың теңге табыспен күн көруіне болады деп санайды. Оның айтуынша, ауыл мен қаладағы тұрмыстық шығындардың арасында айырмашылық бар, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, ауылдық жерде мал ұстап, сүт, ет және көкөніс сияқты кейбір азық-түлік өнімдерін өз шаруашылығынан алатын отбасылардың шығыны қала тұрғындарына қарағанда төмен болуы мүмкін.

Мейрамхановтың айтуынша, ауылда еңбек етіп, жеке шаруашылығын жүргізетін адам үшін 85 мың теңге жеткілікті болуы ықтимал. Ал қала тұрғындарының баспанасы, азық-түлігі және басқа да күнделікті қажеттіліктеріне кететін шығын көлемі жоғары екенін атап өтті.

«85 мың теңге ауылдағы адамға жетеді. Ал қаладағыларға жетпейді. Ауылдағылар еңбекқор ғой. Ауылдағылар мал ұстайды, тамақ бар, сүті өзінікі, көкөнісі өзінікі. Еңбек еткен адамға ауылда 85 мың жетеді. Қазір ауылға барсақ, майды да, нанды да сатып алып жеп отыр», – деді Мейрамханов.

Осылайша, депутат ауылдағы тұрғындардың табысы мен тұрмыстық шығынын бағалауда жеке қосалқы шаруашылықтың мүмкіндіктерін ескеру қажет екенін алға тартты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.