Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауыл шаруашылығы министрі танымал «шайн мускат» жүзімінің құрамын тексеретінін айтты

Ауыл шаруашылығы министрі танымал «шайн мускат» жүзімінің құрамын тексеретінін айтты

Журналистердің сұрақтарына жауап берген министрлік басшысы Қазақстанға келетін әрбір өнім тексерілетін алға тартты. Оның айтуынша, егер жемістер Қазақстанға заңды түрде кірген болса, онда олар барлық тексеруден өтіп қойған.

Алайда жүзімнің құрамында көп мөлшерде нитрат бар деген ақпарат тарап жатыр.


«Қайтадан тексеріп көрейік. Өтініш жазыңыз, біз оны қайтадан тексереміз және сізге нәтижесін көрсетеміз. Бірақ шын мәнінде, өнім келіп, сертификаттар берілген кезде, біз оларды міндетті түрде зертханаға тапсырамыз. Сондықтан біз мұндағы зертханамызды жаңа құрал-жабдықтармен нығайтпақпыз. Ветеринарияға арналған тоғыз жабдықты сатып алып жатырмыз. Осылайша бізге өнімнің сапасын тексеру оңайырақ болады», - деді министр. 


Министр танымал жүзімнің дәмін татып көрмегенін айтты.

«Жоқ, оны әлі жеп көрген жоқпын. «Корей» жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер заңсыз жолмен келсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін», – деді Сапаров.


фото: vinograd.info
Автор
Айбар