KZNews.kz
Сараптама

AudioQuran.kz: Құран Кәрімнің қазақша аудио нұсқасы жарық көрді

KZNEWS

Құранның аудио нұсқасы AudioQuran.kz сайты арқылы қалың көпшілікке жол тартты. ҚМДБ «Хикмет» студиясы әзірлеген аудио нұсқа жеке азаматтардың көмегімен осы жобаға енгізіліп отыр.

Сайттан Құранның 114 сүресінің қазақша мағынасын онлайн тыңдауға және оны жүктеп алуға болады.

Сонымен бірге алдағы уақытта жобаның Android, iOS жүйесіне арналған қосымшасы да жарық көреді.

Қасиетті Кәләм шарифтің мәтінін оқыған белгілі журналис, диктор Мұхамедәлі Болатұлы.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары