Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Аударылып қал!”: ҚМДБ желіні шулатқан «имамға» қатысты мәлімдеме жасады

“Аударылып қал!”: ҚМДБ желіні шулатқан «имамға» қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы «имам» жолаушы мен таксиші арасында болған жанжалға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Әлеуметтік желіде такси жүргізушісі мен ер адамның жанжалдасқан видеосы тараған еді. Көпшілік «Аллаһу акбар, аударылып қал!» деген ауыр сөзді айтқан адам Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін жазған болатын.

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Бахтияр Жақсылықов есімді азаматтың такси жүргізушісімен кикілжіңге келіп, дөрекі әрекет көрсеткені және оның «имам» екені талқылануда. Осы орайда Бахтияр Жақсылықовтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызмет жүйесінде жұмыс істемейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларынан анықталмаған хабарды таратпауын сұраймыз, - делінген хабарламада.

ақпарат, фото: http://Smartnews.kz
Автор
Данияр