Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ауа райы болжамы: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды - Қазақстан жаңалықтары

Ауа райы болжамы: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды - Қазақстан жаңалықтары

2 мамыр күніне ауа райының күрт құбылуына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

2 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.

Шымкент қаласында күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыса соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады деп болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз, 2 мамырда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болмақ. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қаласында күндіз найзағай ойнауы ықтимал. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы — 85-100 %.


stan.kz
Автор
Данияр