«Өзіміздің» мұнай: мұнайдан түскен табыс кімнің қалтасына кетіп жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Атыраулық хакер" туралы не белгілі: жаңа деректер жарияланды

"Атыраулық хакер" туралы не белгілі: жаңа деректер жарияланды
depositphotos.com

Әлеуметтік желіде "Атыраулық хакер" деген атпен танылған Атырау облысының тұрғыны әлі Қазақстанға экстрадицияланған жоқ. Ол бұған дейін Түркияда Интерпол қызметкерлері тарапынан ұсталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні елге қайтару мәселесі қазір қаралу сатысында. Ресми жауап 20 наурыз күні алынған.

"Департаменттің тергеу басқармасы 32 жастағы күдіктіге ("hacker.atyrau" парақшасының қолданушысы) қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы ("Ірі көлемдегі алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті халықаралық іздеуге жарияланған. Қазіргі уақытта ол Түркияда ұсталды, экстрадициялау мәселесі қаралуда", – деп хабарлады полиция.

Полицияның жауабы мен Qamqor сервисінің деректеріне сүйенсек, "Атыраулық хакер" ретінде белгілі азамат – 32 жастағы Ж. есімді тұлға. Ол 71 күн бойы іздеуде болған. Іздеу ісі 2026 жылдың 9 қаңтарында Атырау облысында тіркелген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер