"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраулық ер адам балаларды көліктің артына байлап ойнатқаны үшін жауапқа тартылды

Атыраулық ер адам балаларды көліктің артына байлап ойнатқаны үшін жауапқа тартылды

Атырауда жүргізуші екі баллонды көлікке байлап, балаларын сүйреген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Желіде көлікпен екі баланы сүйреген атыраулық жүргізушінің видеосы тарады.

Қауіпті маневр желі қолданушыларын шошытты, өйткені мұндай әрекет балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Жүргізушінің балаларды бұлай ойнатқанын полицейлер де оң көрмеді. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

"Аталған көлік құралының иесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 593-бабының 1-бөлігі “Көлік құралын басқару кезінде жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны” үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында ер адам итті көліктің артына байлап, сүйреген еді.

Автор
Данияр