Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраулық әжей TikTok арқылы миллионер атанды (ВИДЕО)

Атыраулық әжей TikTok арқылы миллионер атанды (ВИДЕО)

Атыраулық Хадиша Айтмұхамбетқызы өткен жылы TikTok-та аккаунт ашып, аз уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болды.

Әлеуметтік желіде өзін «Батыстың әжесі» деп атайтын Хадиша әже тікелей эфирлер өткізіп, жастарға өсиет сөздерін айтып, құрдастарымен көңілді уақыт өткізеді. Оның жылы сөзі мен өмірлік тәжірибесі көпшіліктің жүрегіне жол тапқан.

Жазылушыларының қолдауы мен донаттарының арқасында әжей TikTok арқылы 10 миллион теңгетабыс тапқан.

Хадиша Айтмұхамбетқызы TikTok арқылы тек табыс тауып қоймай, көптеген жасқа өмірлік бағыт-бағдар беруде. Әжейдің ерекше қарапайымдылығы мен шынайылығы оның танымалдылығын арттыра түсті.

Қазір «Батыстың әжесі» өз аудиториясын кеңейтіп, алдағы уақытта жаңа жобалармен бөлісуді жоспарлап отыр.

Автор
Айбар