Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы трагедия: күдіктіге қандай айыптар тағылды?

Атыраудағы трагедия: күдіктіге қандай айыптар тағылды?
ашық дереккөзден

Жангелдин ауылында бір отбасының қазасына қатысты қоғамда үлкен талқы тудырған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Ақжайық" басылымының жазуынша, іс бойынша негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемалиев қылмыстық іс материалдарымен танысып шыққан. Мәліметке сәйкес, ол төрт адамның өліміне қатысы бар екенін мойындаған.

Күдіктіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, яғни "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" дерегі бойынша айып тағылған.

Тергеу барысында бұдан бөлек ҚК-нің 188-бабы – "Ұрлық" және 190-бабы – "Алаяқтық" бойынша да қылмыстық істер қозғалған. Алдын ала деректерге қарағанда, күдікті қаза тапқан отбасының малын сатып жіберіп, олардың банк карталарындағы қаражатты иемденген болуы мүмкін.

"Тергеу амалдары толық аяқталды. Іс жақын күндері сотқа жолданады. Сот отырысы мамыр айында басталады", – деп хабарлаған дереккөз.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылғанын мәлімдеген еді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер