Бақытгүл Хаменоваға қатысты жаза өзгертілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атыраудағы отбасы өлімі: күдіктіге ұрлық бабы да қосылды

Атыраудағы отбасы өлімі: күдіктіге ұрлық бабы да қосылды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Атырау облысындағы бір отбасының қазасына қатысты тергеуде жаңа мән-жай белгілі болды. Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік іске байланысты басты күдіктіге тағылған айыптар қатары кеңейіп, енді іс екі бірдей бап бойынша қаралып жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Сұлтан Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша — екі немесе одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ 188-бабы 2-бөлігі бойынша — алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жасалған ұрлық дерегімен тергеу жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның ресми жауабында қылмыстық іс адам өлтіру және марқұмдардың мүлкін жымқыру фактілері бойынша қозғалғаны айтылған. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

«Атырау облысы полиция департаменті адам өлтіру және олардың мүлкін жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс аясында күдікті ұсталды, соттың санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады ІІМ.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Алайда министрлік жауабында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекетіне құқықтық баға берілген-берілмегені нақтыланбаған.

Еске салсақ, Жангелдин ауылынан шыққан бір отбасының жоғалғаны туралы туыстары 2025 жылғы желтоқсанның соңында хабарлаған еді. Зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары үйден шығып кеткеннен кейін олармен байланыс толық үзілген. Кейін бұл істің жаппай кісі өлтіру фактісі бойынша тергеліп жатқаны белгілі болды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер