KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Атыраудағы отбасы қазасы: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың дерек шықты

• Қайсар Қанат
Ақбаян Мұқанғалиева. Фото: ҚР ІІМ

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, ауыр жағдайды бастан өткерген Ақбаян біраз уақыт Психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған. Жуырда ауруханадан шыққан ол қазір жақындарының жанында оңалту шараларынан өтіп жатыр.

Туыстарының айтуынша, оның жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Дегенмен толық қалпына келуі үшін әлі де уақыт пен тұрақты қолдау қажет.

Қазіргі уақытта Ақбаянның балалары балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Оның басты мақсаттарының бірі – денсаулығын қалпына келтіріп, балаларын жанына алып, бір шаңырақ астында бірге тұру.

Алайда бұл үшін оған ең алдымен тұрақты әрі қауіпсіз баспана қажет.

Осыған байланысты атыраулықтар қайырымдылық қорлары мен бейжай қарамайтын азаматтарды Ақбаянның баспаналы болуына қолдау көрсетуге шақырды. Олардың пікірінше, жеке үй ананың қалыпты өмірге оралып, балаларымен қайта қауышуына маңызды мүмкіндік болмақ.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →